Qazaqstan Football League Бірінші лиганың 20-турдағы үздіктер құрамасын жасақтады.
5-3-2 жүйесі бойынша жасақталған құрамның шабуыл шебінде Сергей Хижниченко орналасқан. 33 жастағы ойыншы “Таразға” қарсы матчта гол соқты және командаластарына 14 дәл пас берді.
Сергейден басқа, үздіктер қатарынан қорғаушы Эдуард Канда табылды. Ол Хижниченконың командаласы.
Премьер-лигада мол тәжірибесі бар 33 жастағы шабуылшы “Алтай” ұжымына осы жылдың наурыз айында қосылған болатын. Ойыншы өз командасы сапында 4 гол соғып үлгерді.
Біздің серіктес: FONBET