Сергей Когай «Тұранның» бас бапкері атанды

29.06.2022, 01:34
Қазақстандық маман бұған дейін «Қайсар» және «Ордабасы» командаларын жаттықтырған.
Сергей Когай «Тұранның» бас бапкері атанды

55 жастағы қазақстандық маман Саргей Когай «Тұран» футбол клубымен келісім-шартқа отырды.

Когай бұған дейін «Қайсар» және «Ордабасы» командаларын жаттықтырған. Футболшы ретінде «Қайрат», «Қайсар», «Яссы», «Скиф-Ордабасы», «Тараз» және тағы басқа командаларда ойнаған. 

Бұған дейін бас бапкер міндетін уақытша атқарған Қуаныш Қабдулов жаттықтырушының көмекшісі болып бекітілді.

Бір қызығы, Когай ҚКФЛ ресми сайтында мамыр айынан бері «Тұранның» бас бапкер ретінде көрсетілген. Бірақ түркістандық клуб бүгін ғана ресми мәлімдеме жасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×