34 жастағы қорғаушы Сергей Малый “Ордабасының” ішкі чемпионаттағы “Ақтөбеге” қарсы 18-тур кездесуінен шет қалады.
Чемпионаттың 17-турында Сергей Малый “Шахтермен” болған ойында Андрей Шабановқа қарсы дөрекі ойнап, алаңнан қуылған болатын. Төреші Саят Қарабаев сөзге келместен тәжірибелі қорғаушыны қыщыл қағаз көрсетті. Бір ойыншыға кем болсада “Ордабасы” 2:3 есебімен жеңіске жетті.
2023 жылдан бері шымкенттік ұжымда доп теуіп жүрген Сергей осы маусымда 14 ойын өткізіп, 2 гол соқты.
“Ордабасының” “Ақтөбеге” қарсы алдағы кездесуі 25 тамыз күні Шымкенттегі Қажымұқан атындағы стадионда өтеді. Айта кетейік, оңтүстік ұжымды аталған ойынға Александр Кучма баптап шығады.
Біздің серіктес: FONBET