Сергей Семак: «Нұралы әдемі гол соқты, бірақ ұсақ-түйек қателіктерге жол берді»

04.02.2022, 17:55
Әліп матчтағы жалғыз әрі жеңісті голды соқты.
Сергей Семак: «Нұралы әдемі гол соқты, бірақ ұсақ-түйек қателіктерге жол берді»

«Зениттің» бас бапкері Сергей Семак қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліптің «Мидтьюлландқа» (1:0) қарсы өткен жолдастық кездесудегі ойынына қатысты пікір білдірді.

- Жеңіс голын Нұралы Әліп соқты. Қазақстандық қорғаушының ойынына қандай баға берер едіңіз?

- Менің ойымша, осы сәтте бәрі тамаша болды. Гол соғып, командаға жеңіс сыйлады. Ол допқа жақсы жанасты, ал біз әдемі голдың куәсі болдық. Жалпы оның ойынына келетін болсақ, тағы да қайталап айтамын, ұсақ-түйек қателіктер болды, сондықтан жұмыс істеуді қажет ететін дүниелер бар. Біз осы жиынның соңына қарай шешім қабылдаймыз және әрі қарай қалай әрекет ететінімізді нақты айтамыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×