Сергей Семак Нұралы Әліп туралы айтты

08.05.2024, 17:32

"Зениттің" бас бапкері Сергей Семак Нұралы Әліптің қазіргі жағдайы жайлы сұраққа жауап берді

Сергей Семак Нұралы Әліп туралы айтты
Сергей Семак "Зенит" ФК бас бапкері

"Пенальти болған эпизод - кездейсоқтық. Әліптің қазіргі жағдайы? Кез-келген басқа ойыншы секілді. Қақпамыздың алдында ешқандай қауіпті сәт болмаған ойынның соңында ұпай жоғалту әрине, өкінішті. Ал ондай жағдайдың алу үшін көбірек гол салу керек. Біздегі мүмкіндіктер жақсы еді. Соларды жүзеге асыруымыз тиіс болатын. Ал 1:0 деген ойын соңында босаңситын есеп емес. Кез-келген рикошет, қателік жеңістің уыстан сусып шығып кетуіне әкеліп соғуы мүмкін. Ал бізде жақсы мүмкіндік жетерлік еді. Алайда, салқынқандылық жетіскен жоқ",- деді Сергей Богданұлы. 

Естеріңізде болса, МИР РПЛ-дің өткен турында  "Зенит" сырт алаңда "Факелмен тең тарқасты (1:1). Воронеждік клуб матч соңында Нұралы Әліп әкелген пенальтиден таразы басын теңестірді. Питерлік клуб 51 ұпаймен бірінші орында келеді. Келесі ойынды Әліптің командасы  "ЦСКАҒА" қарсы өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×