Сергей Семак: “Өкінішке қарай, өз алаңымызда болған кездесуге келген фанаттарды қуанта алмадық

"Зенит" ФК бас бапкері Сергей Семак ЦСКА-мен болған ойын жайында пікір білдірді.

Сергей Семак: “Өкінішке қарай, өз алаңымызда болған кездесуге келген фанаттарды қуанта алмадық

Петерборда өткен РПЛ үшінші тур кездесуінде “Зенит” ЦСКА клубымен тең тарқасты (1:1).

Сергей Семак- “Зенит” ФК бас бапкері:

  • Өкінішке қарай, өз алаңымызда болған кездесуге келген фанаттарды қуанта алмадық. Бүгінгі ойында біздің командада гол соғатын біраз мүмкіндік болды. Бірақ сол сәттерді голға айналдыратын шабуылшының жетіспегендігі байқалды. Бірінші таймда шабуылшы түйіндейтін ойыншыларға зар болдық. Қапталдағы футболшыларға айтар сыным жоқ. Олар керек кезде ойыншыларды паспен қамтамыз етіп отырды. Екінші таймда шабуылды ұйымдастыру жөнінен сәтті болды. Алайда жоғарыда айтқанымдай, шайнап берген нәрсені жұтатын шабуылшы болмады. 

Ішкі чемпионаттың 3-турында 1 ұпайға қол жеткізген “Зенит” “Рубинге” қарсы Кубок кездесуіне дайындықты бастайды. Аталған матч 12 тамызға жоспарланған. Ал ЦСКА болса, керісінше 9 тамыз күні қазандық ұжымды Премьер-лига аясында қонақ қылады. 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

ЦСКА Зенит
Aladop Youtube
×