Каталондық «Барселонаның» 33 жастағы экс-футболшысы, жүрек ақауына байланысты мансабын аяқтаған Серхио Агуэро 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатында Аргентина құрамасына көмектесетінін мәлімдеді.
«Мен Катарда өтетін әлем чемпионатына барамын. Осы аптада кездесуіміз болады. Мен жаттықтырушылар штабына қосылуға дайынмын. Біз бұған дейін бас бапкер Лионель Скалонимен, сондай-ақ футбол федерациясының президенті Клаудио Тапиямен сөйлескен болатынбыз.
Мен әлем чемпионаты кезінде Аргентина құрамасына көмектесуге дайынмын. Бірақ менің рөлім қандай болмақ? Шындығында, әлем чемпионатына барсам, жігіттермен бірге жаттығамын. Бұл мәселе емес. Мен оларға мотивация беру үшін сонда болғым келеді», - деді Агуэро Goal порталына берген сұхбатында.
Еске салайық, әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің аяқталуына екі тур қалды. Ал Аргентина 15 кездесуде 35 ұпай жинап, екінші орында келе жатыр.
Біздің серіктес: FONBET