Серхио Агуэро мансабын аяқтауы мүмкін

12.11.2021, 22:28
Дәрігерлер футболшыға ескерту жасапты.
Серхио Агуэро мансабын аяқтауы мүмкін

Денсаулығына байланысты «Барселонаның» шабуылшысы Серхио Агуэро мансабын аяқтауы мүмкін, деп хабарлайды Catalunya Radio.

Дереккөздің айтуынша, медициналық зерттеулер форвардтың жүрек ақауы әлдеқайда күрделі екенін көрсетті. Дәрігерлер футболшыға енді ешқашан алаңға оралмауы мүмкін екенін ескертті.

Еске салайық, шабуылшы Ла Лиганың 12-ші турында «Алавеске» (1:1) қарсы өткен матчтың бірінші таймында тахикардияға байланысты алаңдағы орнын командаласына босатып берген болатын. Матчтан кейін Агуэроның жағдайы жақсы екені хабарланды.

Бірақ медициналық тексерістен кейін шабуылшының үш ай бойы алаңға шыға алмайтыны белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×