Серхио Рамос Ла Лига қорғаушылары арасында рекорд орнатты

20.07.2020, 14:31
Рамос бұл маусымда «Реал Мадрид» үшін ең көп гол соққан екінші ойыншы.
Серхио Рамос Ла Лига қорғаушылары арасында рекорд орнатты

Испания чемпионатының 38-ші турында «Леганес» «Реал Мадридпен» 2-2 есебімен тең түсті. Алғашқы голды "Реал Мадридтің" 34 жастағы қорғаушысы Серхио Рамос соқты, ол Испания чемпионатының осы маусымындағы 11-ші голын салды.

Осылайша, Opta басылымының айтуынша, ол 21-ші ғасырда Ла Лига қорғаушыларының арасында гол соғу бойынша рекорд орнатты. Алдыңғы рекордты 2005/2006 маусымда «Хетафе» қорғаушысы Мариано Перния орнатқан, сол кезде ол рекордты 10 гол соққан еді.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы маусымның қорытындысы бойынша "Реал Мадрид" 87 ұпаймен Испания чемпионы атанды. «Барселона» одан 5 ұпай артта қалды. Чемпионатта «Атлетико Мадрид» пен «Севилья» 70 ұпайдан жинады, бірақ "матрасшылар" гол айырмашылығына байланысты үшінші орын алды. Осы төрт команданың барлығы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×