Серхио Регилон «Атлетико Мадридке» ауысты

31.08.2022, 03:56
Мадридтік клуб футболшыны жалға алды.
Серхио Регилон «Атлетико Мадридке» ауысты

«Тоттенхэм» мен Испания құрамасының қорғаушысы Серхио Регилон осы маусымда «Атлетико Мадридте» жалдау шарты бойынша өнер көрсетеді.

Футболшы «Тоттенхэмге» 2020 жылдың қыркүйегінде «Реал Мадридтен» ауысып келген еді. Содан бері лондондық клуб үшін 67 матчқа қатысып, екі гол соқты, тоғыз нәтижелі пас берді. Бірақ осы маусымда ойыншы негізгі құрамдағы орнынан айырылып қалды.

«Атлетико Мадрид» Регилонды «Ноттингем Форестке» кеткен Ренан Лодидің орнына алды. Маусым соңында Серхио «Тоттенхэм» клубына қайта оралатын болады.

Регилон - «Реал Мадридтің» түлегі. Бұл командада ол 22 кездесу өткізіп, үш нәтижелі пас берді. 2020 жылдың қыркүйегінде қорғаушы Испания құрамасында дебют жасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×