Серхио Регилон «Тоттенхэмге» ауысады

16.09.2020, 23:19
«Манчестер Юнайтед» бұл ойыншыдан да айырылып қалды.
Серхио Регилон «Тоттенхэмге» ауысады

Мадридтік «Реалдың» қорғаушысы Серхио Регилон мансабын Англия премьер-лигасында жалғастырады.

Журналист Фабрицио Романоның жазғанына қарағанда, "Тоттенхэм Хотспур" 23 жастағы футболшының келесі клубы болады. Лондондық клуб «Реалға» ойыншы үшін 30 миллион еуро төлейді, ал Серхионың өзі "Тоттенхэммен" жеке келісімшарт мәселесін шешіп қойыпты.

Регилонға «Манчестер Юнайтед» те қызығушылық танытқан еді. Қорғаушы үшін бұл ауысымның шешуші факторы "Тоттенхэмнің" "Реалдың" шарттарымен келіскендігі болды.

Регилон - "Реал Мадридтің" түлегі. Өткен маусымда испаниялық қорғаушы «Севилья» сапында жалда ойнады, Ла Лигада 31 матч өткізіп, 2 гол соқты, 4 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×