Серік Жаманқұлов бапкерлік мансабын бастады

03.09.2021, 16:19
Сонымен қоса ол футзалды дамыту саласы бойыншы менеджер қызметіне тағайындалады.
Серік Жаманқұлов бапкерлік мансабын бастады

Қазақ футзалының аңызы Серік Жаманқұлов "Каспий" футзал клубының бапкерлер штабында жұмыс істемек. Бұл туралы bookmakeRReview.kz сайты хабарлап отыр.

Сонымен қоса ол футзалды дамыту саласы бойыншы менеджер қызметіне тағайындалады.

37 жастағы Жаманқұлов ойыншы ретіндегі мансабын 2019 жылы қыркүйекте аяқтаған болатын.

2016 жылы ол Қазақстан құрамасы сапында Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Қатысқан бес ойынында да гол салды - Ресей, Хорватия (2), Италия, Испания және Сербия командаларына. Осылайша, алты голмен турнирдің ең үздік сұрмергендерінің қатарына кірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×