Серхио Агуэро үлкен футболға оралуы мүмкін

25.02.2024, 19:20

Жүрек сырқатымен ауыратын Манчестер Сити мен Аргентинаның экс-шабуылшысы Серхио Агуэро кәсіби мансабын қайта жаңғыртуы мүмкін, деп жазады Аладоп.кз.

Серхио Агуэро үлкен футболға оралуы мүмкін

2021 жылы футболшы мансабын аяқтаған аргентиналық өзінің кардиолог дәрігеріне бейнеқоңырау арқылы хабарласып, өзінің аяқдоп аламанына қаншалықты қайта оралу мүмкіндігі бар екенін сұрап көрген екен. Өз кезегінде ақ халатты абзал жан Серхиоға физикалық дайындықты пысықтайтын жаттығуларды жасау арқылы жасыл алаңға бой үйретуіне мүмкіндік бар деп жауап қатыпты. 

Агуэро өзіне қызығып отырған аргентиналық “Индепендьенте” сапында бірқатар кездесулер өткізуді жоспарлап отыр екен.

Еске салсақ, Серхио “Индепендьенте” командасының түлегі болып табылады. Ол бұл футбол командасының жүйесінде 2003 пен 2006 жылдар аралығында өнер көрсетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×