Серхио Бускетс пен Жорди Альба футболшы ретінде соңғы кездесуін өткізді

Мансабының шарықтау шегінде қос футболшы МЛС чемпионы атанды.

Серхио Бускетс пен Жорди Альба футболшы ретінде соңғы кездесуін өткізді

"Ванкуверге" қарсы 3:1 есебімен аяқталған финалдық кездесуде Бускетс пен Альба толық ойын өткізді. Қос ардагер “Интердің” бес қорғаушы жүйесінде өнер көрсетті. 

Айтпақшы, Бускетс пен Альба осыдан бір ай бұрын футболшы мансабын аяқтау туралы шешім қабылдап қойған болатын. 

Бүгінде “Барселонаның” қос аңызы “Интер Майами” сапындада лайықты деңгейде доп теуіп кетті. Себебі, бұлардың келуімен Бекхэм ұжымы 2,5 жылда толыққанды 4 трофейге қол жеткізді.

Айта кетейік, Бускетс алдағы уақытта бапкерлік біліктілігін арттырып, жаттықтырушы қызметіне бет бұрмақ. Ал Альба әзірге алдағы жоспары жайында ешкімге тіс жармады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×