Сеск Фабрегас «Арсеналдан» кетуі мүмкін

10.06.2011, 20:00
Сеск Фабрегас «Арсеналдан» кетуі мүмкін
Лондондық «Арсеналдың»  бас бапкері Арсен Венгер  Франсеск Фабрегасқа командадан кетуіне рұқсат етті.Тек оның дарынды жас шәкіртіне қойған талабы – қандай жағдай болмасын басқа ағылшындық клубқа ауыспауы керек. Қазіргі таңда футболдағы «жас ардагерлердің» біріне айналған Испания құрамасының жартылай қорғаушысы «Арсеналға» 2003 жылы келді.Канонирлер сапында 212 ойын өткізген дарынды жас футболшы 2004 жылы Англияның Кубогін,  Суперкубогін ұтып алады.Сегіз жыл бойы командадағы негізгі ойыншылардың бірі болып келген Фабрегасқа биыл Венгер командадан кетуіне өз рұқсатын берді. 2008 жылғы Еуропа, 2010 жылғы Әлем Чемпионы «Барселонаға» аусысуы мүмкін.Испандық клуб Сескке бұрын да құда түскен, бірақ ол кезде Фабрегастың командадан кетуге мүмкіндігі болмады.Блауграна биыл Сескті өз құрамында көргісі келсе «Арсеналға»  40 миллион еуро төлеуі тиіс.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Келесі жаңалық
14-тур статистикасы
Серіктес жаңалықтары
×