Еуропа лигасының ақтық матчында «Севилья» «Интер» клубын қабылдаған болатын. Кездесу Кельн қаласындағы (Германия) «Райн-Энерги» стадионында өтті және 3:2 есебімен жеңісімен Испаниялық команданың пайдасына аяқталды.
Есепті 5-минутта «Интер» шабуылшысы Ромелу Лукаку ашты, ол пенальтиді сәтті орындай алды. «Севилья» шабуылшысы Люк де Йонг 7 минуттан кейін есепті теңестірді. 33-минутта де Йонг дубль жасап, Испаниялық клубты есепте алға шығарған еді. 2 минуттан кейін "Интер" қорғаушысы Диего Годин қайта есепті теңестірді. Ал жеңісті голды 74-минутта «Севилья» қорғаушысы Диего Карлос соғып, матчтың нүктесін қойды.
Осылайша, "Севилья" 2019/2020 маусымдағы Еуропа лигасының жеңімпазы. Бұл олжа Испания клубының тарихындағы алтыншы жүлдесі болды. Бұған дейін «Севилья» 2005/2006, 2006/2007, 2013/2014, 2014/2015, 2015/2016 жылғы маусымдарда дәл осы кубокты жеңіп алған болатын.
Біздің серіктес: FONBET