"Севилья" "патшалық клубты" тізе бүктірді

09.11.2015, 15:14
"Севилья" "патшалық клубты" тізе бүктірді
"Реал Мадрид" маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Эмеридің мінезді жігіттері тағы бір алыптың аяғынан шалды. Чемпионат басында өз алаңында "Барсаны" жеңген "Севилья", бұл жолы мадридтік "Реалдың" сағын сындырды. Матч "Реал" үшін сәтті басталған болатын. Серхио Рамос ойынның 22-ші минутында ақ есеп ашты. Алайда 15 минуттай уақыт өткен соң Иммобиле есепті теңестірсе, екінші таймда Банега мен Льоренте таблодағы көрсеткішті 3:1-ге жеткізді. Тек төреші қосқан уақытта ғана Хамес Родригес есепті қысқарта алды. Қорытынды есеп-3:2. "Реал Мадрид" басты қарсыласы "Барселонаны" үш ұпайға алға жіберіп алды. Испан Премьерасы. 11-ші тур.  «Севилья» - «Реал» 3:2 (1:1) Голдар: Рамос, 22 (0:1), Иммобиле, 36 (1:1), Банега, 61 (2:1), Льоренте, 75 (3:1), Хамес Родригес, 90+3 (3:2)

Турнир кестесі.

 

 
1  БАРСЕЛОНА 11 9 0 2 25-12 27
2  РЕАЛ МАДРИД 11 7 3 1 26-7 24
3  АТЛЕТИКО 11 7 2 2 16-6 23
4  СЕЛЬТА 11 6 3 2 22-18 21
5  ВИЛЬЯРРЕАЛ 11 6 2 3 15-11 20
6  ЭЙБАР 11 5 4 2 16-11 19
7  ВАЛЕНСИЯ 11 5 3 3 16-8 18
8  АТЛЕТИК 11 5 2 4 18-14 17
9  ДЕПОРТИВО 11 3 6 2 16-13 15
10  СЕВИЛЬЯ 11 4 3 4 17-16 15
11  БЕТИС 11 4 3 4 11-16 15
12  РАЙО ВАЛЬЕКАНО 11 4 1 6 13-19 13
13  ЭСПАНЬОЛ 11 4 1 6 12-23 13
14  СПОРТИНГ 11 3 3 5 11-15 12
15  ХЕТАФЕ 11 3 1 7 11-18 10
16  РЕАЛ СОСЬЕДАД 11 2 3 6 12-14 9
17  МАЛАГА 11 2 3 6 5-9 9
18  ЛАС-ПАЛЬМАС 11 2 3 6 9-16 9
19  ГРАНАДА 11 1 4 6 11-20 7
20  ЛЕВАНТЕ 11 1 4 6 7-23 7

 

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×