"Севилья" қонақта тең түсті

22.08.2015, 14:53
"Севилья" қонақта тең түсті
Унаи Эмери командасы қиынға соққан ойыннан бір ұпай ала білді. "Малагаға" қонаққа бару кез келген команда үшін қиын. Бұл ұжым өз жанкүйерлері алдында жақсы ойын өрнегін көрсетеді. Бүгін де «Ла Росаледа» қожайындары Еуропа Лигасының жеңімпазын аяқтан шалды. Алаң иелері маусымның алғашқы ойыныңда жеңіске жетуге әбден тырысқан болатын. Соңғы 20 минутта қарсыластың бір ойыншыға кем қалуы да "Малагаға" көмектескен жоқ. Бірнеше мүмкіндіктер болғанымен футболшылар шешуші сәтте мүлт кетіп жатты. Нәтижесінде, қос команда да тең нәтижені қанағат тұтты.  «Малага» - «Севилья» 0:0
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×