Халық саны 2000-ға да жетпейтін (1485) шағын балықшылар ауылының “Мьёлльбю” клубы тарихи жетістікке қол жеткізді — команда Швецияның басты футбол лигасы Алсвенсканның (Allsvenskan) чемпионы атанды.
Бұл жеңіс ел тарихындағы ең әсерлі оқиғалардың бірі саналып отыр. Себебі “Мьёлльбю” – елдің оңтүстігіндегі кішкентай ғана жағалаудағы ауылдың командасы. Жергілікті тұрғындардың басым бөлігі теңіз кәсібімен айналысса да, клубтың жетістігі бүкіл қауымның ортақ мақтанышына айналды.
“Мьёлльбю” соңғы маусымда фавориттерді артта қалдырып, елдің ең мықты командалары – “Мальме”, “Хеккен” және “Юргорденді” жеңіп шықты.
Клуб басшысы матчтан кейін:
“Біз бұл жетістікке сенім мен еңбектің арқасында жеттік. Бұл — тек футболдағы жеңіс емес, бұл — біздің кішкентай қаламыздың рухының жеңісі.” – деп мәлімдеді.