«Шахтер» алғашқы трансферін жасады

28.01.2021, 22:00
«Кеншілер» бұрынғы ойыншысын қайтарып алды.
«Шахтер» алғашқы трансферін жасады

«Шахтер» футбол клубы қазақстандық қорғаушы Михаил Габышевпен келісімшартқа отырды.

Өскемен футбол мектебінің тәрбиеленушісі өзінің кәсіби мансабын туған жері «Востокта» бастады, онда 38 кездесу өткізіп, екі гол соғып, Бірінші лиганың чемпионы атанды. 2012 жылы ол Қазақстанның сол кездегі чемпионы «Шахтермен» келісімшарт жасасып, командаға екінші рет чемпионатта топ жаруға көмектесті.

2013 жылы қарағандылық ​​командамен бірге Қазақстан Кубогі мен Суперкубогін жеңіп алды. «Шахтерде» жеті маусым өткізген Габышев 126 матчқа қатысып, сегіз гол соқты.

2019 жылы ол «Каспий» және «Атырау» футбол клубтарында жалдау шарты бойынша ойнады. Өткен маусымда Габышев «Каспий» сапында өнер көрсетті. Ақтаулық клуб үшін 1 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.

2012 жылы ол Қазақстан жастар құрамасында екі матч өткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×