«Шахтер» - «Ақсу» ойыны кейінге қалдырылды

15.03.2022, 20:14
Ауа-райы бұл матчты өткізуге мүмкіндік бермеді.
«Шахтер» - «Ақсу» ойыны кейінге қалдырылды

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының шешімімен OLIMPBET-Қазақстан Чемпионаты 3-турының «Шахтер» - «Ақсу» ойыны кейінге қалдырылды.

Стадион алаңында тексеру жұмыстары жүргізілді. Төсеніштің беті қармен жабылған, Қарағанды қаласында орын алған аязды ауа-райы және мезгіл-мезгіл жауатын жауын-шашын алаңды ойынға дайындау жұмыстарын қиындатады, сонымен қатар аталмыш жағдай ойыншының жарақат алып қалу қауіпін жоғарылатады.

Алаңның қазіргі кездегі жағдайы мен ауа-райының болжамын ескере отырып, аталмыш кездесуді басқа күнге ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×