«Шахтер» «Ақжайық» қорғаушысын қатарға қосты

09.07.2021, 18:24
Қорғаушы осы маусымда алматылық «Қайрат» қақпасына жеңісті голды соққан еді.
«Шахтер» «Ақжайық» қорғаушысын қатарға қосты

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Ақжайықтың» белоруссиялық қорғаушысы Павел Назаренко «Шахтермен» келісім-шартқа отырды. Оралдық клуб күні кеше Назаренкомен келісім-шартты бұзған болатын.

Қарағандылық клуб Конференциялар лигасындағы дебюті алдында құрамды күшейтуді жалғастыруда. Қорғаушы Павел Назаренко Қазақстан чемпионатының ағымдағы маусымында 13 кездесуге қатысып, 1 гол соқты.

Бұған дейін «Шахтер» қорғаушы Абдель Ламанж, артқы жартылай қорғаушы Эдин Рустемович, шабуылшы Оралхан Өміртаев және қақпашы Игорь Трофимецті қатарға қосқан еді. Ал ганалық қорғаушы Давид Мавутордың трансфері «Динамо Тбилиси» тарапынан жасалған тиімді ұсыныстың кесірінен орын алмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×