«Шахтер» бас бапкердің болашағына қатысты шешім қабылдады

30.11.2021, 19:21
«Кеншілер» келесі маусымда да ресейлік маманға сенім артпақ.
«Шахтер» бас бапкердің болашағына қатысты шешім қабылдады

Қарағандылық «Шахтер» бас бапкер Магомед Адиевпен жаңа келісім-шартқа отырады, деп хабарлайды «Тень отца Гурмана» телеграм арнасы.

«Кубокті жеңе алмағанына қарамастан, «Шахтер» басшылығы бас бапкер Магомед Адиевке келісім-шартты ұзарту туралы ұсыныс жасады. Ресейлік маман ойлануға уақыт алды, дегенмен, менің мәліметім бойынша, ол қарағандылық клубта қалғысы келеді. 100% сенімділікпен «кеншілердің» келесі маусымға жаттықтырушысы бар деп айтуға болады», - делінген дереккөздің хабарламасында.

Еске салайық, ресейлік маман қарағандылық клубты осы жылдың сәуір айында тізгіндеген болатын. Оның басшылығымен «кеншілер» Конференция лигасының плей-офф кезеңіне дейін жетіп, Қазақстан кубогінің финалында «Қайраттан» жеңіліп қалды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×