«Шахтер» белоруссиялық шабуылшыны керек қылмады

14.12.2021, 21:31
Шабуылшы қарағандылық клубқа өткен маусымның ортасында қосылған еді.
«Шахтер» белоруссиялық шабуылшыны керек қылмады

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Шахтердің» белоруссиялық шабуылшысы Евгений Шикавка клубтан кетті.

Қарағандылық клубтың басшылығы 29 жастағы ойыншымен келісім-шартты ұзартпау туралы шешім қабылдады.

БАТЭ клубының түлегі «Шахтерге» өткен маусымның шілде айында қосылған болатын. Содан бері «кеншілер» үшін 15 кездесу өткізіп, екі гол мен бір нәтижелі пасты өз атына жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×