«Шахтер» босниялық футболшымен толықты

05.07.2021, 01:08
Футболшы осы маусымда 19 ойынға қатысып, 1 гол соқты.
«Шахтер» босниялық футболшымен толықты

"Шахтер" босниялық жартылай қорғаушы Эдин Рустемовичпен келісім-шарт жасасты, деп хабарлайды қарағандылық клубтың баспасөз қызметі.

Рустемович өзінің кәсіби мансабын 2010 жылы босниялық "Дрина" (Зворник) клубында бастады. 28 жастағы футболшы сербиялық "Белград", "Синджелич", түркиялық "Адана Демирспор" және босниялық "Сараево", "Зриньски Мостар", "Тузла", "Слобода" сияқты командалардың намысын қорғаған.

Рустемович осы маусымда "Тузла Сити" клубы үшін 19 матч өткізіп, 1 гол мен 1 нәтижелі пастың авторы атанды.

Эдин "кеншілер" сапында 44-ші нөмірмен ойнайтын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×