«Шахтер» БЖМОРСМ 8 командасын тағы да ірі есеппен жеңді

02.08.2021, 03:58
Қарағандылық клуб бұл ойыннан кейін 9 ұпаймен көш басына шықты
«Шахтер» БЖМОРСМ 8 командасын тағы да ірі есеппен жеңді

Қазаұстан Кубогінің төртінші туры аясында БЖМОРСМ 8 бен "Шахтер" командалары үш ұпайды сарапқа салды. Матч "Астана Аренада" өтіп, 4:0 есебімен аяқталды.

Кездесудің 32-минутында Айдос Тәттібаев қақпашының өрескел қателігін ұтымды пайдаланды. Ал 51-минутта Оралхан Өміртаев қанжығасын майлады. 54-минутта Айдос Тәттібаев және 84-минутта Идрис Умаев пенальтиден гол соқты.

Қарағандылық клуб бұл ойыннан кейін 9 ұпаймен көш басына шықты. Ал елордалық клуб ең соңғы орында қала берді (0 ұпай).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×