Түркменстан құрамасының жартылай қорғаушысы Руслан Мингазов «Шахтермен» келісімшартқа отырды.
Қарағанды командасында Мингазов өзінің бұрынғы «Ертіс» командасындағы серіктесі Жереми Манзорроның орнын алмастыратын болады - кеше, 5 тамызда Манзорро "Тобылға" ауысқан еді. Келісімнің шарттары әзірге нақтыланбаған.
28 жастағы Мингазов өткен жылы жазда «Ертіске» ауысқан болатын. Премьер-Лиганың өткен маусымының 11 матчында екі гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Ағымдағы чемпионатта ол екі ойын өткізіп, мамырдың соңында, оның клубы Премьер-Лигадан шыққан кезде, еркін агент атанды.
Қазақстанға дейін Мингазов Чехияда «Славия» сапында ойнап, чемпион атанды, сонымен бірге ол «Пршибрам», «Млада Болеслав» және «Яблонец» командаларында доп тепкен. Сондай-ақ, ол Латвиялық «Сконто» және өзінің туған қаласындағы «Ашхабад» клубында да ойнады. 2013 жылы Мингазов ағылшынның «Тоттенхэм» клубында қаралымда болды.
Біздің серіктес: FONBET