«Шахтер» ФНЛ клубына жол берді

24.02.2022, 03:54
«Кеншілер» 18-орында тұрған командадан ұтылды.
«Шахтер» ФНЛ клубына жол берді

Қарағандылық «Шахтер» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында ресейлік «Волгарьдан» 1:2 есебімен жеңіліп қалды. «Кеншілер» сапында Айдос Тәттібаев гол соқты.

«Шахтер»: Игорь Шацкий (қ) (Игорь Трофимец) - Тимур Досмағамбетов (Абылайхан Назымханов), Джордже Чосич, Иван Граф, Абдель Ламанж (Павел Назаренко), Кирилл Маляров - Роджер Каньяс, Стефан Букорац, Эдин Рустемович (Амир Адуев) - Петрос Аветисян, Роман Мұртазаев (Айдос Таттыбаев);

Бұл қарағандылық клубтың Түркиядағы соңғы ойыны болды. Екінші оқу-жаттығу жиынында «Шахтер» 4 кездесу өткізіп, «Шахтер Донецк» (1:2), мәскеулік «Спартак» (1:3) және «Волгарьдан» (1:2) жеңілді. Тек «Шинникті» 1:0 есебімен тізе бүктірді.

Биылғы маусымда «Волгарь» 25 турдан кейін ФНЛ турнирлік кестесінде 18-ші орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×