«Шахтер» футболшысы алғаш рет Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізіміне енді

01.11.2021, 19:27
24 жастағы қорғаушы ұлттық құрамаға алғаш рет шақыртылды.
«Шахтер» футболшысы алғаш рет Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізіміне енді

Aladop.kz сайтына белгілі болғандай, Талғат Байсуфинов ұлттық құрамаға шақырту алған 30 футболшының есімін атады. Олардың ішінде "Шахтердің" қорғаушысы Ескендір Қыбырай да бар.

24 жастағы қорғаушы биылғы маусымда "Шахтердің" негізгі ойыншысына айналды. Қарағандылық клуб жейдесінде баилық турнирдерде 33 матч өткізіп, 1 гол соқты, 1 нәтижелі пас берді. Оның ішінде Конференция лигасының іріктеу кезеңі аясында өткізген 5 матчы бар.

Қазақстан құрамасы 7 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Ал 13 қараша күні Франциямен, 16 қараша Тәжікстан құрамасымен кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×