«Шахтер» клубы спорттық директор тағайындады

06.12.2021, 21:22
Бұл лауазымға команданың бұрынғы ойыншысы ие болды.
«Шахтер» клубы спорттық директор тағайындады

«Шахтер» футбол клубының спорттық директоры болып Евгений Сергеевич Тарасов тағайындалды.

Евгений Тарасов – Қарағанды ​​футбол мектебінің түлегі. «Шахтер» жейдесінде 214 матч өткізіп, 8 гол соққан және «кеншілермен» бірге екі рет Қазақстан чемпионы атанды, одар бөлек, ел кубогі мен суперкубогін жеңіп алды.

Қарағандылық клуб бұған дейін бас бапкер Магомед Адиевпен келісім-шартты ұзартқан болатын. Команда көшбасшысы Иван Граф та командада қалады деген ақпарат бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×