«Шахтер» «Колосты» пенальти сериясында жеңіп, Конференция Лигасының плэй-офф кезеңіне өтті

11.08.2021, 03:50
Игорь Шацкий тағы да өз командасын келесі кезеңге шығарды.
«Шахтер» «Колосты» пенальти сериясында жеңіп, Конференция Лигасының плэй-офф кезеңіне өтті

Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі жауапты ойында қарағандылық "Шахтер" украиналық "Колосты" пенальти сериясында 3:1 (жалпы есеп - 0:0) есебімен ұтты. Матч "Астана Арена" стадионында өтті.

Қос команда 90 минут бойы және екі экстра-таймда да гол соға алмады. Ал пенальти сериясында қарағандылық клубтың қақпашысы Игорь Шацкий үш рет сейв жасады. Ал «Шахтер» сапында Эдин Рустемович, Стефан Букорац және Иван Граф өз мүмкіндіктерін сәтті пайдаланды.


"Кеншілердің" плэй-офф кезеңіндегі қарсыласы 12 тамызда анықталады. Қарағандылық клуб келесі кезеңде "Спартак Трнава" - "Маккаби Тель Авив" жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×