Конференция лигасының плей-офф кезеңіндегі жауапты ойында қарағандылық «Шахтер» израильдік «Маккаби» Тель-Авивтен 0:2 есебімен ұтылды (жалпы есеп 1:4). Матч Израильдегі «Блюмфилд» стадионында өтті.
Ойын бастала салысымен алаң иелері шабуылға лап қойды. 18-минутта бұрыштамадар асырылған пасқа басын дәл қоя білген Нахмиас есеп ашты. Ал 40-минутта Глазер алыс қашықтықтан өте керемет соққы бағыттап, допты қақпа торында тулатты. Осыдан кейін қос команда да гол соға алмады.
Осылайша, қарағандылық «Шахтер» Конференция лигасындағы жорығын аяқтады.
Біздің серіктес: FONBET