Қарағандылық «Шахтер» 44 жастағы маман Магомед Адиевпен келісім-шартты ұзартқанын хабарлады.
«Магомед Адиев қарағандылық «Шахтермен» келісім-шартын ұзартты. Біз Магомед Мұсаұлының командада қалатынына өте қуаныштымыз және осы маманның жетекшілігімен клуб үлкен жетістіктерге жетеді деп үміттенеміз», - деп жазады «Шахтердің» ресми сайты.
Естеріңізге сала кетейік, ресейлік маман бас бапкер қызметіне биыл сәуірде кіріскен болатын. Оның жетекшілігімен қарағандылық «Шахтер» Премьер-лигада жетінші орын алды, Қазақстан Кубогінің финалына шықты, сонымен қатар Конференция лигасының плей-офф кезеңіне өтті.
Біздің серіктес: FONBET