«Шахтер» мен "Астана" ойынын көру тегін болмақ

27.10.2011, 21:45
«Шахтер» мен "Астана" ойынын көру тегін болмақ
Футболдан Қазақстан чемпионатының шешуші матчі - «Шахтер» мен «Астана»командаларының Қарағандыда «Шахтер» стадионында өтетін ойынына кіру тегін болады, деп хабарлайды қала әкімдігі. «Біздің футбол командамызға жанкүйерлер ғана емес, барлық қарағандылықтар қолдау көрсететін сәт жетті. Осы себепті матчқа кіруді тегін қылу туралы шешім қабылданды», - делінген Қарағанды әкімінің баспасөз қызметі бейсенбі күні таратқан ақпаратта. Қарағандылық «Шахтер» өз тарихында алғаш рет ел чемпионы атануы мүмкін, делінген ақпаратта. «Бәрі 29 қазанда «Шахтер» стадионының алаңында елордалық «Астана» ФК-сымен шешуші матчте белгілі болады. Осы маусымның соңғы ойынында сүйікті командамызға қолдау көрсетейік», - деп үндейді қала билігі. Еске сала кетейік, алтын медаль үшін күресте «Шахтердың» басты бәсекелесі талдықорғандық «Жетісу». Сенбі күні талдықорғандықтар павлодарлық «Ертіспен» кездеседі. Чемпионаттың жеңімпазы осы ойындардың нәтижесі бойынша анықталады. «Шахтер»стадионына 19 мың көрермен сияды. Дереккөз: ҚазТАГ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×