«Шахтер» мен «Қайраттың» Конференция Лигасының плей-офф кезеңіндегі қарсыластары анықталды

13.08.2021, 15:56
«Шахтер» біраз қиналайын деп тұр, ал алматылық клуб топтық кезеңге шығуы керек.
«Шахтер» мен «Қайраттың» Конференция Лигасының плей-офф кезеңіндегі қарсыластары анықталды

Конференция Лигасының плей-офф кезеңінде "Шахтер" израильдік "Маккаби Тель-Авивпен", ал "Қайрат" люксембургтік "Фола" командасымен кездеседі.

Қарағандылық "Шахтер" алғашқы ойынды 19 тамыз күні Нұр-Сұлтанда өткізеді, ал жауапты матч 26 тамызда Израильде өтеді.

"Маккаби" ойыншыларының жалпы құны - 15,45 миллион еуро, ал "Шахтер" ойыншыларының жалпы құны 7,05 миллион еуроны құрайды.

Еуропа Лигасынан ұшып кеткен "Қайрат" алғашқы матчты 19 тамызда сырт алаңда өткізеді, ал Алматыдағы жауапты ойын 26 тамызға жоспарланған.

"Қайрат" командасының жалпы құны 21,40 миллион еуро, ал "Фола" командасының жалпы құны 2,22 миллион еуроны құрайды екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×