«Шахтер» негізгі қорғаушысымен келісім-шартты ұзартты

18.02.2021, 16:33
Әли Әлиев қорғаныс шебін толықтай жасақтады.
«Шахтер» негізгі қорғаушысымен келісім-шартты ұзартты

Ресейлік қорғаушы Андрей Буйволов қарағандылық «Шахтер» сапында өнер көрсетуін жалғастырады, деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.

Өткен маусымда Буйволов «кеншілер» сапында 19 ойын өткізіп, 1 голдық пас беріп, екі рет мергендік танытқан еді. Сондай-ақ, Андрей 2020 жылғы маусымда қорғаныстағы жекпе-жектерде ең көп жеңіске жеткен үздік ойыншы атанды (166).

Айта кетейік, қарағандылық клуб бұған дейін Гидеон Баамен жаңа келісім-шарт түзген болатын. Және сербиялық жартылай қорғаушы Вук Митошевич пен хорватиялық қорғаушы Иван Графты қатарға қосты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×