Қазақстан Премьер-лигасының соңғы турында "Шазтер" мен "Атырау" клубтары өзара мықтыны анықтады. Матч Қарағандыдағы "Шахтер" стадионында өтіп, 3:2 есебімен алаң иелері жеңіске жетті.
Кездесудің 16-минутында "Атырау" ойыншысы Петр Гжельчак есеп ашты. 39-минутта есепті теңестірген Айдос Тәттібаев 64-минутта командасын алға шығарды. Ал 78-минутта қақпашымен жеке-дара шыққан Идрис Умаев ойынның нүктесін қойды.
33 ұпай жинаған "кеншілер" маусымды алтыншы орынмен аяқтады. "Атырау" он бірінші орынға жайғасты (28 ұпай).
Біздің серіктес: FONBET