"Шахтер" Қазақстан Кубогінің бесінші турында "Ордабасымен" кездесті. Матч Қарағандыдағы "Шахтер" стадионында өтіп, 3:2 есебімен аяқталды.
Ойынның 11-минутында Абылайхан Назымханов "Шазтер" сапырдағы дебюттік голын соқты. 37-минутта есепті еселеген Айдос Тәттібаев бірінші тайм аяқталар сәтте дубль авторы атанды. Ал 56-минутта Александр Симчевич Трофимец қайтарған допты ашық қақпаға бағыттап, есепті қысқартты. "Шахтердің" қорғаушысы Иван Граф 90-минутта өз қақпасына гол соғып алды.
5 матчта 12 ұпай жинаған "кеншілер" А тобында көш бастап, турнирдің ширек финалына шықты. Ал "Ордабасы" үшінші орында тұр. Шымкенттік клубтың қоржынында артық бір ойын бар.
Біздің серіктес: FONBET