«Шахтер» өз алаңында «Қызыл-Жарға» есе жіберді

13.06.2021, 04:18
«Шахтерға» өз алаңы мен жанкүйерлері де көмектесе алмады.
«Шахтер» өз алаңында «Қызыл-Жарға» есе жіберді

"Шахтер" Қазақстан чемпионатының он бесінші туры аясында "Қызыл-Жарды" қабылдады. "Кеншілер" бұл матчты осы маусымда алғаш рет Қарағанды қаласындағы өз стадионында өткізді. Бірақ ойын 0:1 есебімен қонақтардың пвйдасына аяқталды.

Ойындағы жалғыз голды Руслан Есімов 90-минутта соқты.

Кезекті рет ұпай жоғалтқан қарағандылық клуб 9 ұпаймен он үшінші орынға тұрақтады. "Қызыл-Жар" 21 ұпаймен бесінші орынға шықты.

Бүгінгі өткен төрт матчтың та 1:0 есебімен аяқталғанын айта кетейік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×