«Шахтер» өз алаңында «Таразды» жеңді

19.06.2021, 01:55
«Шахтер» қауіпті аймақтан шықты.
«Шахтер» өз алаңында «Таразды» жеңді

"Шахтер" Қазақстан Премьер-лигасының он төртінші туры қарсаңында "Таразбен" кездесті. Матч Қарағанды қаласындағы "Шахтер" стадионында өтіп, 1:0 есебімен аяқталды.

Ойынның 22-минутында "Шахтердың" ресейлік жартылай қорғаушысы Алан Чочиев айып добынан тамаша гол соғып, командасына үш ұпай алып берді.

"Кеншілер" бұл ойыннан кейін 15 ұпаймен он екінші орынға көтерілді. "Тараз" 19 ұпаймен тоғызыншы орында қала берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×