«Шахтер» қатарына үш ойыншы қосылды

30.01.2015, 21:27
«Шахтер» қатарына үш ойыншы қосылды
Қарағандылық «Шахтер» қатарын үш футболшымен толықтырды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлап отыр. Алдағы маусымда бразилиялық қорғаушы Педро Петрацци «кеншілердің» намысын қорғамақ. 24 жастағы ойыншы бұған дейін венгриялық «Капошвар», грекиялық «Левадиакос» және изриальдік «Хапоэль» командаларының жейдесін киген. Петрацциден бөлек, негізгі  командада клуб түлектері Евгений Горячий мен Игорь Шацкий ойнайды.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×