"Шахтер" Қазақстан Кубогінің 1/4 финалында "Таразбен" кездесті. Қарағандыдағы "Шахтер" стадионында өткен қарымта кездесу 3:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.
Ойынның 26-минутында Давид Атанаскоски "Тараз" қақпашысынан кері серпілген допты ашық қақпаға бағыттап, командасын алға шығарды. 39-минутта Эдин Рустемовичтен допты тартып алған Әлішер Сүлей алыстан соққы жасап, таразы басын теңестірді. Ал 59-минутта Эдиннің айып добынан асырған пасын Мартин Тошев өз пайдасына жаратты. Ойынның қосымша уақытында Айдос Тәттібаев матчтың нүктесін қойды.
Естеріңізде болса, қос команда арасындағы алғашқы кездесу 0:0 есебімен аяқталған еді. "Кеншілер" жартылай финалда "Тобылмен" шеберлік байқасады.
Біздің серіктес: FONBET