«Шахтeр» клубы Қарағанды футбол мектебінің түлегі Роман Мұртазаевпен келісім-шартқа отырды.
Мұртазаев өзінің кәсіби мансабын 2012 жылы «Шахтер» сапында бастаған. «Кеншілер» үшін 28 жасар футболшы Премьер-Лигада 66 ойын өткізіп, 9 гол соққан. Сонымен қатар «Ертіс», «Астана», «Тобыл» және ресейлік «Балтика» командаларының намысын қорғады.
Роман Қазақстанның үш дүркін чемпионы, онымен қоса чемпионаттың күміс және қола жүлдегері атанды. Ел кубогін ұтып, Суперкубокті 2 мәрте иеленді.
«Шахтер» құрамында Роман Мұртазаев 7 нөмірмен өнер көрсетеді.
Біздің серіктес: FONBET