«Шахтер» қазақстандық қорғаушымен келісім-шарт жасасты

19.01.2022, 16:47
Футболшы Атанаскоскидің орнын басуы тиіс.
«Шахтер» қазақстандық қорғаушымен келісім-шарт жасасты

«Шахтер» футбол клубы Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Тимур Досмағамбетовпен келісім-шартқа отырды.

Досмағамбетов соңғы үш жыл бойы «Ордабасы» сапында өнер көрсетті. Бірақ қаржылық мәселелерге байланысты өткен маусымның ортасында шымкенттік клубтан кетіп, «Таразға» ауысты.

Досмағамбетов мансабында «Оқжетпес», «Ақтөбе», «Восток», «Тараз», «Тобыл» сынды командалардың намысын қорғаған. Ұлттық құрама сапында Тимур 9 кездесу өткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×