Қазақстандық қорғаушы Дмитрий Мирошниченко мансабын қарағандылық «Шахтерда» жалғастырады, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
30 жастағы Мирошниченко осы айдың басында қостанайлық «Тобылмен» келісім-шартын бұзған еді. Қапталда өнер көрсететін қорғаушыға «Шахтер» қызығушылық танытуда.
2022 жылғы маусымда Мирошниченко «Тобыл» сапында алты ойын өткізіп, бір нәтижелі пас берді. Қазақстан құрамасы сапында 11 ойынға қатысты.