«Шахтер» құрбандыққа шалған қара қой төңірегінде тағы шу шықты

24.08.2013, 03:43
«Шахтер» құрбандыққа шалған қара қой төңірегінде тағы шу шықты
Қазақстан футбол клубының әрекетіне наразы болған Жануарларды қорғау ұйымы УЕФА президентіне шағымданған.
Қарағандылық «Шахтердің» ырым ретінде құрбандық шалуы қоғамдық ұйымдардың наразылығын туғызды. «Р-спорт»-тың The Guardian-ға сілтеме беріп жазуынша, Адамдардың жануарларға мейіріммен қарауын қолдайтын америкалық ұйым УЕФА президенті Мишель Платиниге шағымданған. Шағымда европалық футболда құрбандық шалуға тыйым салуды сұраған көрінеді. «Біз қойдың Қазақстан командасына сәттілік әкелу үшін құрбандыққа шалынғанына қатты алаңдаулымыз. Жануарларды құрбандыққа шалу рәсімі бүгінгі қоғамға жат екенімен Платини де келісетін шығар деп ойлаймыз. УЕФА жедел әрекет етіп, тамаша ойынның жануарлар қанымен боялмауын қадағалайды деп үміттенеміз», - деген ұйымның директоры Мими Бекхечи. Еске сала кетейік, «Шахтер» Чемпиондар лигасының плей-офф раундағы алғашқы матчы алдында «Астана-Арена» стадионында қара қойды құрбандыққа шалған. Бұл – команданың маңызды ойындар алдындағы ырымы. Шотландиялық «Селтикке» қарсы ойын басталарда шалынған құрбандық сәтті болды деп санауға болды. Өйткені қазақстандық команда азулы команданы 2:0 есебімен жеңген болатын. Артынша, бірқатар ақпарат құралдары шотландиялықтардың құрбан шалуға қатысты УЕФА-ға шағымданғанын хабарлаған. Алайда, ол жаңсақ ақпарат болып шықты. УЕФА өздеріне ешқандай шағымның түспегенін мәлімдеді. «Шахтер» мен «Селтик» арасындағы қарымта ойын Шотландияның Глазго қаласында 28 тамызда өтеді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Алдыңғы жаңалық
Кельттер келе жатыр!
Келесі жаңалық
"Ақтөбе" ұтылды
Aladop Youtube
×