"Каспийдің" 30 жастағы сербиялық жартылай қорғаушысы Стефан Букорац қарағандылық "Шахтерға" ауысады.
Букорац ақтаулық клубқа өткен жылдың басында қосылған болатын. Осы уақытқа дейін футболшы 37 матч өткізіп, 1 гол соқты.
Стефан бұған дейін "Торпедо-БелАЗ", черногориялық "Младост", "Доньи Срем", "Металац" және "Пролетер" сияқты командалардың намысын қорғады.
Қарағандылық клуб күні кеше ресейлік қорғаушы Евгений Гапон пен қазақстандық қақпашы Тимурбек Закировтың командадан кеткенін хабарлаған еді.
Біздің серіктес: FONBET