«Шахтер» сырт алаңда тең нәтижеге қол жеткізді

06.08.2021, 14:00
«Шахтер» матч соңында он адаммен ойнауға мәжбүр болды
«Шахтер» сырт алаңда тең нәтижеге қол жеткізді

Қарағандылық "Шахтер" Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта украиналық "Колос" командасымен тең ойнады. Матч Киевтегі "Колос" стадионында өтіп, 0:0 есебіиен аяқталды.

Ойында қос команда гол соғатын тамаша мүмкіндіктерге ие болды. Ойынның 76-минутында Давид Атанаскоски екінші ескерту қағазын алып, алаңнан қуылды. Одан бөлек, "кеншілердің" төрт ойыншысы сары қағаз алды.

Айта кетейік, қарымта матч 10 тамыз күні «Астана Аренада» өтеді. Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×