«Шахтер» Қарағанды футболының түлегі Тоқтар Жаңғылышбаймен келісім-шарт жасасты, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Жаңғылышбай кәсіби мансабын 2010 жылы «Шахтер» жастар командасы сапында бастап, келесі маусымда «кеншілердің» негізгі құрамынан орын тапқан. Онымен қоса, ол «Қайрат, «Астана», «Ақтөбе», «Жетісу», «Тобыл», «Қайсар» және «Ордабасыда» өнер көрсеткен.
28 жастағы шабуылшы ауыр жарақат алуына байланысты өткен маусымда алаңға шықпады. Күзде «Ордабасыдан» кеткен соң Тоқтар өзінің туған клубына оралып, жаттығу жасады.
Біздің серіктес: FONBET