«Шахтер» украиналық шабуылшымен келісім-шартты бұзды

23.05.2021, 01:20
Павлов бапкерлер құрамының көңілінен шықпады.
«Шахтер» украиналық шабуылшымен келісім-шартты бұзды

"Шахтер" ресми түрде украиналық шабуылшы Евгений Павловпен қош айтысатынын хабарлады. Қос тарап өзара мәміле бойынша келісім-шарттың күшін жойды.

29 жастағы шабуылшы қарағандылық клубқа осы маусымның басында қосылды. Қазақстан чемпионатында 7 матчқа қатысып, нәтижелі іс-әрекетпен көзге түспеді. Ал Суперкубок бәсекесінде 2 матч өткізіп, 1 голдық пас берді

Павловтың соңғы өнер көрсеткен клубы - сербиялық "Радник". Сондай-ақ Евгений украиналық "Волынь" және "Севастополь", ресейлік "Сокол", сербиялық "Младост", венгриялық "Вашаш" және кипрлік "Докса" клубтарында доп тепкен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×